Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды
Оған әлемнің 60 елінен келген 384 спортшы қатысады
Босния мен Герцеговинаның Сараево қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен әлем чемпионаты басталды.
Сараево төрінде 15-17 жастағы дэюдошылар 28 тамызға дейін ұлдар мен қыздардың әрқайсысында 8 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынайды. Бұл жолғы дүбірлі додаға әлемнің 60 елінен келген 384 спортшы қатысуда.
Бұл сында Қазақстан құрамасы сапында 17 балуан күш сынасады. Сіздердің назарларыңызға әлемдік додада ел намысын қорғайтын балуандарымыздың тізімін ұсынамыз:
Ұлдар:
50 кг – Диас Жолдыбаев (Маңғыстау облысы)
50 кг – Рамазан Сүйіндіков (Түркістан облысы)
55 кг – Данил Сұлтанхан (Нұр-Сұлтан қаласы)
60 кг – Талғат Орынбасар (Шымкент қаласы)
66 кг – Арғынбек Нұрлыбек (Алматы қаласы)
66 кг – Мағжан Әлжанов (Қостанай облысы)
73 кг – Алтай Ақбар (Қызылорда облысы)
81 кг – Егор Раков (Қарағанды облысы)
81 кг – Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)
90 кг – Бағжан Байтас (Алматы облысы)
Қыздар:
40 кг – Айзат Наукенова (Қарағанды облысы)
40 кг – Сабина Юлдашбекова (Шымкент қаласы)
48 кг – Нұрайлым Сәрсенбек (Қарағанды облысы)
52 кг – Самал Мәлікқызы (Қызылорда облысы)
57 кг – Дана Әбдірова (Атырау облысы)
63 кг – Ақбота Қыдырәлі (Түркістан облысы)
70 кг – Ажар Асхат (ШҚО)