Halyq Uni логотип
×

Зеленский Ресей әскерін елден кетіруге уәде берді

Барлық 25 облыстың ешқайсысы берілмейді, дейді ол

 Халық үні 25.08.2022 | 08:23
Зеленский Ресей әскерін елден кетіруге уәде берді
фото: ашық дереккөзден

Украина тәуелсіздігіне - 31 жыл, ал елде қарулы жанжал басталғанына тура алты ай толды. Бірақ Киевте жылдағыдай әскери парад өткен жоқ. Президент Владимир Зеленский мен зайыбы Украинаның бостандығы жолында жанын пида еткен құрбандарға тағзым етті.

Ресей армиясы бұл мемлекетке ақпанның 24-де басып кірді. Бұл шабуылды Батыс пен Киев «себепсіз соғыс» деп атаса, Кремль көрші елді «нацизмнен» тазарту үшін қарулы күштерін енгізгенін жариялады. Жарты жылда Украина 9 мыңға жуық сарбазын жоғалтқан.

Сонымен қатар, ел халқының үштен бірі босқындық кебін киіп, қалалар жермен-жексен болып, мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тауып, әлем экономикасы теңселді. Бүгінгі сөзінде Зеленский елінің жарты жыл бұрын «қайта тірілгенін» мәлімдеп, Ресей армиясын Украинадан қайтсе де толық аластатуға сөз берді.

«Ақыры біріктік. Ақпанның 24-де халқымыз қайта дүниеге келді. Ол жыламады, үрейленбеді, қашпады, берілмеді, ұмытпады. Біз үшін Украина - тұтас. Барлық 25 облыстың ешқайсысы берілмейді. Бұл мәселеде ымыра жоқ. Біз ондай сөзді білмейміз де. Донбасс - Украина. Алдағы жол қанша қиын болса да, біз оны қайтарамыз. Қырым да - Украина. Оны да қайтарамыз!»,- деді Зеленский. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама