Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм 7 млн долларға түсірілген
2021 жылы шыққан «Qazaq: Алтын адамның тарихы» фильмін Оливер Стоун түсірген
Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге 7 млн доллар бөлген, деп хабарлайды PROTENGE телеграм арнасы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» Елбасы туралы фильмге 7 млн доллар төледі. 2021 жылы шыққан «Qazaq: Алтын адамның тарихы» фильмін Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жариялады, - деп жазылған хабарламада.
Арна авторлары Назарбаевтың қорлары туралы қаңтар айында үлкен тергеу жүргізілгенін және қорлардың қайырымдылықтан басқа, миллиардтаған долларлық активтерді басқаратын функциясы барын атаған.
«Бұған дейін біз «Қазақмыстың» Назарбаев қорына 79, 4 млрд. теңге аударғанын айтқан болатынбыз... Айтпақшы, 2018-2020 жылдар аралығында «Қазақмыс» қаражатын тек қана «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» жеке қорына аударды. Алайда, ол 2021 жылы жұмысын тоқтатқаннан кейін, оны басқа реципиенттер алмастырды, олар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қорлары» деген бұлыңғыр тұжырымның артында жасырылды», - делінген хабарламада.