Кентаудың экс-әкіміне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Дәурен Мақажанов 10 жылға сотталған
Алматы қалалық сотында Кентау қаласының бұрынғы әкімі адвокаттарының аппеляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық соттың хабарлауынаша, Дәурен Мақажановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінде Түркістан облысы Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дәурен Мақажанов қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп танылды.
Айта кетейік, Дәурен Мақажанов 2019 жылдың сәуірінде Кентау қаласы әкімі қызметіне кіріскен. 2022 жылдың ақпанында пара алды деген күдікпен Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны хабарланды.