×

Қазақстан Әзербайжанның тұтастығын қолдайды – Тоқаев

Қазір екі елдің басшылары шағын және кеңейтілген құрамда нәтижелі кездесулер өткізіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.08.2022 | 16:28
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесуде еліміздің және өзінің Әзербайжанның территориялық тұтастығын қолдайтынын айтты.

Сіздің мықты беделді басшылығыңызбен Әзербайжан Республикасының аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі тарихи маңызды міндет аяқталды. Қазақстан әрқашан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын қолдады. Әзербайжанға қатысты бұл қазіргі заманғы халықаралық құқыққа толық сәйкес келетін әділетті қағидат. Бұл жерде тіліміз ортақ, көзқарастарымыз ортақ. Бұл болашақта біздің ынтымақтастығымызды ілгерілетуге жақсы негіз болады деп ойлаймын, –  деді Тоқаев.

Бүгін Мемлекет басшысы ресми сапармен Әзербайжанға келді. Қазір екі елдің басшылары шағын және кейтілген құрамда нәтижелі кездесулер өткізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама