Тоқаев Әлиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтады
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжанның президенті Ильхам Алиевті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Қазақстан президентінің Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Бұл марапат Ильхам Әлиевке екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін табыс етілді.