Halyq Uni логотип
×

Жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді

Құжат халықаралық стандарттар, мемлекеттік органдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген

 Айнұр Шошаева 08.02.2022 | 18:00
Жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Биылғы 2 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген, – делінген ақпаратта.

Тұжырымдама зардаппен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Осы жарлыққа сәйкес Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және тиісінше оның ішкі және сыртқы мониторинг тетіктері (арнайы құрылған мониторингтік топ) күшін жойғанын атап өткен жөн.

Тұжырымдаманың қоғамдық мониторингі мемлекеттік органдардың жобалық офистері, қоғамдық кеңестер және басқа да тәуелсіз алаңдар арқылы жүзеге асады.

Стратегиялық құжаттың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама