×

Сенатқа жаңа облыстардан депутаттар сайланды

Парламенттің жоғарғы палатасының 6 мандатына 12 кандидат үміткер болды

 Дастан Жұмабекұлы 24.08.2022 | 14:32
фото: ашық дереккөз

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті.

Заңға сәйкес, Сенат депутаттарын облыстық мәслихат депутаты жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Бүгін жаңадан құрылған облыстарда астана уақытымен сағат 11.00-де Сенат депутаттарын сайлау басталды. Әр облыстан екі депутат сайланады.

Сенаттағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болды.

Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаты енгізілген.

Сонымен қатар дауыс беру барысын, Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы онлайн бақылау мүмкіндігі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама