×

ЖОО-лар жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай алмайды – Саясат Нұрбек

Бұдан былай еңбек нарығындағы тапшылық ескерілетін болады

 Динара Амантай 24.08.2022 | 13:32
Фото: smi24.kz

Жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беретін ұйымдарға жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасауға тыйым салынатын болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім саласының сарапшылары бас қосқан форумда мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы халықтың кірісін көтеру бағдарламасына енгізілді. Осыған сай, әр өңір өзінің аймағына алдағы 5-10 жылда қажет болатын мамандықтардың атласын жасайды. Жоспар дайын болғаннан кейін, тапшы мамандықтарға көбірек оқыту басталады. Яғни, еліміздегі жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру ұйымдары басымдықты мамандықтар атласында көрсетілген салаларға береді.

Енді жоғары оқу орындары жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай алмайды. Оған тыйым салынады. Қазір оның механизімін қарастырып жатырмыз. Оның нәтижесінде жоғары және кәсіптік білім беретін ұйымдар еңбек нарығындағы тапшылықты ескереді, – деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі студенттердің білімін бағалаудың жаңа моделі енгізілетіні туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама