×

Нығматулиннің күйеу баласы өз еркімен қызметінен кетті

Азат Бектұров 2014 жылдан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директоры қызметін атқарды 

 Халық үні 24.08.2022 | 12:37
Фото: ашық дереккөз

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың 23 тамызында Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Бектұров өз еркімен қызметінен босатылды. Министрлік Бектұровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткенін хабарлады.

Айта кетейік, Азат Бектұров 2014 жылдың тамызынан бастап «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметі атқарды.

Ол – Нұрлан Нығматулиннің сыңары Ерлан Нығматулиннің күйеу баласы. Ал оның әйелі Малика Бектұрова 2016-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама