Бүгін Тоқаев Бакуге барады
Әзербайжанда екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен осы елдің президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен барады.
Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.