Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: бойжеткен мәйітін алып келген әскерилерге оның жазған хаттарын оқып берді

Сарбазды табытпен ауылына алып келген әскерилер «Бекбол қызымен ұрысып қалды, сондықтан асылып өлді» депті.

 Халық үні 24.08.2022 | 08:15
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: бойжеткен мәйітін алып келген әскерилерге оның жазған хаттарын оқып берді
Фото: azattyq-ruhy.kz

Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара бекетінде өзіне қол салды делінген 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш кездесіп жүрген қызына үнемі хат жазып, хал-жағдайын баяндап отырған.

Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан хабарлады.

Мына видеоны Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында 2004 жылы дүниеге келген Мираш Бекболдың туыстары жіберді! Бекбол 19 тамыз күні Таразда шекарада өз-өзіне қол жұмсады. Бекболды табытпен ауылына алып келген әскерилер «Бекбол қызымен ұрысып қалды, сондықтан асылып өлді» депті. Содан Бекболдың қызы келіп,  ұялы телефонындағы барлық хаттарды оқып берген, - деп жазды қоғам белсендісі.

19 тамызда  Жамбыл облысында атыраулық сарбаз қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. Алдын ала болжам бойынша, 2004 жылы туған Мираш Бекбол өзіне қол салған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама