Асталанықтар жолда кептеліс болмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы керек
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
24-27 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының Нұра-Есіл арнасынан Әуежайға дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толық тоқтатылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған сайтта.