Ер адам қамауға алынды
Үржарлық тоғыз жасар қыз зорланғаннан кейін Семейдегі ауруханға жатқызылды, деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.
Өткен аптада жантүршігерлік қылмыс болған болатын. Мектеп оқушысының анасы түнгі ауысымнан кейін үйіне оралған кезде қызының қанға боялған кейпіне тап болған. Күдікті - 48 жастағы көршісі, екі үлдың әкесі. Ер адам қамауға алынды.
Бұл іс жұртшылыққа тараған соң ғана аудандық аурухана тексеруге және емдеуге жолдама берді. УЗИ жасалды, наркоз салынды. Ол адамдардан қатты қорқып қалған, бейтаныс адамдардан қорқады, жалғыз қалудан қорқады, –дейді қыздың анасы Светлана Либих.
Кішкентай қыз Өскемендегі оңалту орталығында психологиялық курстан өтті.