×

«3 сағатта 1,8 миллион теңге»: қазақстандықтар жол апатына түскен қарияға жаңа көлікке ақша жинап берді

Блогер Берік Динара 3 сағат ішінде 1,8 млн теңге жинағанын хабарлады.

 Халық үні 23.08.2022 | 21:44
Фото: inbusiness

Павлодарда шетелдік автокөлік пен «Запорожец» қақтығысып, жол апатына жүргізуші қария кінәлі болып шықты. «Запорожец» иесінің жол апатынан кейінгі салы суға кеткен бейнесі қазақстандықтардың көңілін босатты.

Әлеуметтік желіде тараған әсерлі видеодан кейін тұрғындар зейнеткерге көліктің шығынын өтеуге көмек ретінде қаражат жинай бастаған, деп хабарлайды inform_kaz парақшасы.

Блогер Берік Динара 3 сағат ішінде 1,8 млн теңге жинағанын хабарлады.

Сіздерден шот ашу туралы кеңес сұраған кезде мен 200-300 мың жиналатын шығар деп ойлаған едім, бірақ небәрі 3 сағат ішінде 1,8 миллион жиналды! Менің жазбамды оқып өте шықпай, тиын аударған немесе репост жасаған әрқайсыңызға басымды иемін. Сіздердің жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Енді кеңес қажет! Атаға көлік сатып алғымыз келді, бірақ мұнда да таяқтың екі ұшы бар, бір жағынан, ескі көлігі атаны асырап отырған тұлпары, ал екінші жағынан, 85 жасқа келгенде көлік жүргізу қауіпті,  –  деп жазды блогер.

inbusiness.kz-тің хабарлауынша, Семей қаласының тұрғыны зейнеткерге жаңа «Запорожец» көлігін сыйға тартатынын хабарлапты.

Ал бүгін Ефим Никитичтің өзі байланысқа шығып, қажетті сома жиналғанын, ақша жинау тоқтатылғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама