×

«Тіл тигізіп, жала жапқан»: Болат Әбіловке айыппұл салынды

Сот Болат Әбіловке заңгер Абзал Құспанға жала жапқаны үшін айыппұл салды

 Халық үні 23.08.2022 | 20:50
Фото: turkystan.kz

Заңгер, құқық қорғаушы Абзал Құспан өзіне тіл тигізіп, жала жапқан белгілі кәсіпкер Болат Әбілевті сотта жеңіп шыққанын хабарлады.

Өткен аптадан бері бірнеше рет кейінге қалдырылып, біресе бейсенбі, одан жұма, одан дүйсенбі деп қашып жүрген Әбіловтің әкімшілік соты бүгін кешкі 7-ден кете аяқталды. Бұрынғы президент Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі, кейін Мәжіліс депутаты болып, сол Назарбаев режимінде долларлық миллионерге айналған Болат Мұқышұлы Әбіловке сот бүгін маған жала жапқаны үшін айыппұл салды, - деп жазды заңгер.

Айтуынша, сотта Әбілов айыпты өзінен журналист Данеш Байболатовқа аударып салуға тырысқан. Әбілов пен қорғаушысы журналистің сұрағына жауап бердік, тақырыпқа да, суретке де, оны жариялауға, астындағы пікірлерге де қатысымыз жоқ деп ақталыпты.

Олай болса, журналист те өз әрекеттері үшін сотта жауап беруі тиіс. Сонымен қатар бұл мәселе бір әкімшілік іспен аяқталмайды. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық іске ұласатын болады. Осындай тілі ұзын, жауапкершілігі аз адамдарға қатысты әкімшілік іс бойынша арыз, азаматтық тәртіпте талап-арыз беру тәртібін ертеңнен бастап жариялайтын боламын, - деген Абзан Құспан алдағы сот отырыстары туралы хабарлап отыруға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама