Әйел жүкті болып шықты.
Алматыда балаларын көлге батырып өлтірмек болған келіншек бұндай әрекетке қызғаныш салдарынан барған, деп жазады ЭК.
Бұл туралы Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы, қоғам белсендісі Ақмарал Басирова хабарлаған. Айтуынша, әйел күйеуін әріптестерінен қызғанған. Өш алмақ болып, балаларын өлтірмек болыпты.
Әйел жүкті болып шықты. Отбасындағы 3 баланың екеуі 4 және 3 жаста, кішісі бір жастан енді асқан.
Келіншек қазір психоневрологиялық диспансерде. Басированың айтуынша, әйел бұрын бұл жерде есепте тұрмаған.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, балалар ауруханадан үйге шығарылған. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір әкесімен бірге.
Бұған дейін Алматыда әйел Сайран көліне 3 баласын тұншықтырып өлтірмек болғанын хабарлаған болатынбыз.