Дойбыдан әлем чемпионаты : Қазақстан 3 алтын, 2 күміс жүлде алды

Дастан Жұмабекұлы

Жарыс 6 жас ерекшелігі бойынша ойынның рапид, блиц және классикалық түрлерінен болып жатыр

фото: ашық дереккөз

22 тамыз күні Болгарияның Кранево кентінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 64 дойбыдан әлем чемпионаты басталды.

Чемпионат туралы журналист Мұсағали Тасқалиев хабарлады. Оның айтуынша, жарыс 6 жас ерекшелігі бойынша дойбының рапид, блиц және классикалық түрінен өтуде. Әлемнің 15 елінен

келген спортшылар арасында Қазақстан құрамасының дойбышылары да бар.

Кеше және бүгін ел қоржынына алғашқы жүлделер түсе бастады.

Кеше Алтынай Саматова (8 жас) рапидтен қарсылас шақ келтірмей әлем чемпионы атанса, бүгін блицтен екінші алтын медальді жеңіп алды. Бүгін Алтынай Даниярқызы да блицтен алтын жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Айбек Есенғалиев (14 жас) пен Тоғжан Тәжібекова (17 жас) күміс жүлдемен күптелді.

Қазақстан құрамасы сапында құрмет тұғырына көтерілген спортшылардың бәрі Батыс Қазақстан облысының өкілдері.