Halyq Uni логотип
×

БЖЗҚ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Жеке зейнетақы шоты ешқандай жағдайда бұғатталмайды

 Дәурен Ерболат 23.08.2022 | 17:52
БЖЗҚ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Фото: 24.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа әдісі шыққанын ескертеді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Өзін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банк шотын толтыруды сұрайтын белгісіз адамдардың қоңырау шалу деректері тіркелді. Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс, - деп жазылған хабарламада.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді. Егер мұндай жағдайға тап болсаңыз, заңда төмендегі тармақтар барын ұмытпаңыз:

  • «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 50-бабын 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді;
  • «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 98-бабы 14-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды. Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес.

Сондай-ақ сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама