Halyq Uni логотип
×

Жүктілік пен босануға төленетін әлеуметтік көмекті eGov-та рәсімдеуге болады

Өтінімді порталда қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды

 Динара Амантай 23.08.2022 | 13:47
Жүктілік пен босануға төленетін әлеуметтік көмекті eGov-та рәсімдеуге болады
Фото: Halyq Uni

Жүктілікке, босануға және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішті енді Электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталған төлемге өтініш беру бойынша қызмет көрсетудің электрондық форматы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысы шеңберінде іске асырылды. Бұрын өтініштер ХҚКО арқылы қағаз түрінде қабылданған.

eGov.kz порталы арқылы өтініш беру үшін басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, тиісті қызметті табу керек.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті қатарларды толтыруы, талап етілетін файлдарды тіркеуі және ұсынылған нұсқалардың бірімен өтінімге қол қоюы қажет.

Өтінімді eGov.kz порталында қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Сомасы көрсетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Электрондық құжат және/немесе сұрау салу нәтижесі туралы хабарлама одан әрі жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Аталған қызметті eGov.kz порталы арқылы алу үшін жұмыс берушінің кадр қызметі толтыратын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен (бұдан әрі – E-HR) электрондық мәліметтер қажет екені айта кету керек. Сондықтан әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа шығу туралы тиісті деректердің E-HR-ге енгізілгенін нақтылауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама