Мұнай өңдеу зауыттарында отынның қоры шамамен 50 мың тонна
Елімізде дизель талонмен және картамен сатыла бастады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
Қазір мұнай өңдеу зауыттары дизель отынын жеткілікті мөлшерде өндіріп жатыр. Мұнай өңдеу зауыттарында дизельдің қоры шамамен 50 мың тонна болып отыр. Алайда зауыттардан мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес. Бос вагон-цистерналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі. Осыған байланысты мұнай өңдеу зауыттары, «Қазмұнайгаз», «Қазақстан темір жолы» компаниялары мен басқа да мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысы қажет, – деді министр.
Осыған байланысты ол дизель жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорты болған кезде жүк көлігі үшін тәулігіне 300 литрге дейін сатылатынын айтты.