Halyq Uni логотип
×

«Астана LRT» ісі: қылмыстық істер сотқа жолданды

Алдын ала тыңдау 24 тамызға сағат 10.00-ға белгіленген

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 11:44
«Астана LRT» ісі: қылмыстық істер сотқа жолданды
фото: ашық дереккөз

«Астана LRT» ісі бойынша бірнеше азаматқа қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қолда бар мәліметке қарағанда, Р. М. Аманжолов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады.

Р. М. Аманжолов пен басқа да азаматтарға қатысты қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізуіне қабылданды, –  делінген астана сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылғы 24 тамызға сағат 10.00-ға белгіленген.

Астанадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама