×

«Жасыл Қазақстан»: елімізде бес жылда 2 млрд түп ағаш отырғызылмақ

Жергілікті деңгейде қаржыландырудың әлсіздігінен белгіленген межеге қол жеткізе алмау қаупі бар

 Динара Амантай 23.08.2022 | 11:18
Фото: ecogosfond.kz

Бүгін Үкімет отырысында «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын жүзеге асыру туралы айтылды. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқаруды, су ресурстарын және орман шаруашылығын жақсарту.

Қоршаған ортаны жақсарту үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу қажеттілігі туралы ереже күшіне енеді. Бұл шара әрбір кәсіпорынның шығарындылары туралы жедел және сенімді ақпарат алуға бағытталған. Бұл бақылауға және шығарындыларды асыра бағалау кезінде шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы 66 мың гектар аумаққа ағаштар отырғызылды.

Биыл бірқатар өңірде жергілікті деңгейде қаржыландырудың әлсіздігінен белгіленген межеге қол жеткізе алмау қаупі бар. Айта кетерлігі, былтырдан бастап экологиялық төлемдер экологиялық жағдайды жақсарту шараларына бағытталуы тиіс, — деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Еске сала кетсек, бұған дейін үкіметте биыл мал азығына 21 млн тонна жемшөп дайындалғаны туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама