Ол таңертең үйінен ұзын ақ белдемше, ақ жейде киіп шыққан
Шығыс Қазақстан облысында 26 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Ол 19 тамызда таңертең Өскемен қаласының іргесіндегі Мирное ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы volontery_uka_lider.kz парақшасында жарияланды.
Жоғалған қыздың анасы полицияға арыз жазған. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, із-түссіз кеткен қыздың есімі - Раиса Долгарева. Ол 1996 жылы туған.
Қызымның бойы 170 сантиметр, дене бітімі арық, көзі жасыл, шашы қызыл-сары, ұзын, – деді Раисаның анасы.
Полицияға арыз жазған анасының айтуынша, Раиса таңертең үйінен ұзын ақ белдемше, ақ жейде киіп шығып кеткен.