Halyq Uni логотип
×

ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті

Қылмыстық топ жақын шетел азаматтарынан құралған

 Халық үні 23.08.2022 | 08:03
ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті
фото: ашық дереккөзден

Қылмыскерлер үш жыл ішінде 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп, өткізіп келген. Шығын 1,2 млрд теңгеден астам, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілді. Іс сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама