Кездесу желтоқсан айына жоспарланып отыр
Украиналық боксшы Александр Усик пен ұлыбританиялық Тайсон Фьюридің жекпе-жегі желтоқсан айына жоспарланып отыр. Бұл кездесу 17 желтоқсанда өтуі мүмкін.
Бұл туралы Р-Спорт сайты Daily Mail-ге сілтеме жасай хабарлады.
Кездесу Катардағы футболдан әлем чемпионатының финалына бір күн қалғанда Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. Фьюридің сыйақысы 45-50 миллион фунт стерлинг болады деп күтілуде.
Осы жекпе-жекке байланысты Сауд Арабиясының спорт министрі Мохаммед Абдулазиз ханзада да ойын айтты.
Біз аса ауыр салмақтағы абсолютті титулға таласты өткізуге қызығып отырмыз. Бұл мәселе Эр-Риядта шешіледі, – деді ол.
Жексенбі күні таңертең Александр Усик төрешілер шешімімен тағы бір ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуаны екінші рет жеңген болатын.