Halyq Uni логотип
×

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жұмыстан шығарылмайды

Алматыда педагогтардың сағаты қайта қаралмақ

 Наима Нұрәлі 22.08.2022 | 17:19
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жұмыстан шығарылмайды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы мектептерінде дене шынықтыру пәні бойынша сағаттар қайта бөлінеді. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтты.

Қазір дене шынықтыру пәні бойынша сабақ сағатының қысқаруына байланысты мұғалімдердің қысқаруы болған жоқ. Сабақ беріп жүрген мұғалімдердің бәрі қалды. Әрқайсысына сағаттар қайта бөлінеді. Дене шынықтыру мұғалімдері жұмыстан босатылмайды, - деді ол.

Бүгінде елімізде дене шынықтыру сабағы бойынша 500 мыңнан аса сағат бар. Ал пән мұғалімдерінің саны шамамен 30 мың педагогті құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама