Шымкенттік түлекке әлемнің 28 университетінен шақырту келді
4 мемлекет бірден оқуға қабылдайтынын мәлімдеді
Шымкенттік түлек, «Алтын белгі» иегері Айбек Бердіхан әлемнің 28 университетінен шақырту алды.
Биыл 125 High School мектебін аяқтаған жас дарынға әлемнің 7 елінің ЖОО-сы тегін оқу мүмкіндігін сыйлаған.
Атап айтсам, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Польша, Венгрия, БАӘ және Кипрде орналасқан 28 университеттен шақырту алдым. 4 мемлекет бірден оқуға қабылдайтынын мәлімдеді. Жеңген гранттар құны 700 мың АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ АҚШ-тағы Wabash және North Central университеттері президенттік гранттарын ұсынды, – деді Айбек Бердіхан «Адырна» тілшісіне берген сұқбатында.
Ол экономика саласының білікті маманы болуды армандайды екен. Осы орайда артынан ерген іні-қарындастарына өз ақыл-кеңесін де айтты.
«Қазіргі заманның талабы – жан-жақты болу. Сондықтан соған ілесу қажет. Ерте жастан ағылшын тілін үйренгендеріңіз абзал», - деді жас түлек.