×

Алматыдағы әл-Фараби даңғылын 2 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстары тоқтатылды

Бұл қаражат мегаполисте жаңа жолдар салуға жұмсалмақ

 Айнұр Шошаева 08.02.2022 | 13:00
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылын 2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Бұл қаражаттқа мегаполистің ерекше мұқтаж аудандарындағы жолдарды жөндеу және төсеу туралы шешім қабылданды.

Әл-Фараби даңғылы, Үлкен Алматы айналма жолынан Саин көшесіне дейін жөндеуге бөлінген қаржыны (2 млрд теңге) сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеуге немесе кейбір аудандарда жол салуға бөлу туралы шешім шығардым, - деді Ерболат Досаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының басында Алматыға жұмыс сапарымен баратынын айтып, қаланың жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді.

«Алматы тұрғындарының көңіл-күйін қалыпқа келтіру маңызды. Нақты мәселелерді наурыздың басында Алматыға жұмыс сапарым кезінде талқылаймыз. Ол жақта шынымен де проблемалар бар. Олармен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев та айналысты. Кей жерде ілгерілей алды, кей тұста түрлі себептермен үлгермей жатты, шеше алмады. Бірақ жалпы алған бағыты дұрыс болды. Сондықтан осы бағытта жылжу керек», -деген Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама