Мемлекет басшысы көрші елге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.