×

Оқушылар енді орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқи ма?

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова әлем әдебиетін оқыту жоспарда барын айтты

 Наима Нұрәлі 22.08.2022 | 16:09
Фото: adyrna.kz

Салаға өзгеріс енгізу үшін тиісті пән бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академия және басқа да ғалымдар мен сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Олар оқу бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Жалпы, әлем әдебиетін оқытуға қатысты жоспарымыз бар. Бұл мәселе бір жыл бұрын қозғалған. Негізі оқу бағдарламаларын өзгерту бір жылдық жұмыс емес, ауқымды іс болып саналады. Оқу жобасы дайын болғаннан кейін тиісті сараптамадан өткіземіз. Сараптамадан өтпесе, мектепке жіберілмейді, - деді «Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова.

Оқу-ағарту өкілі бүгінде пәннің зерттеліп жатқанын айта келе, мектеп бағдарламасына жақын арада енгізілмейтінін жеткізді.

Оқулық жыл сайын шығарылмайды. Оның да өзіндік ережесі бар. Бұл – кезең-кезеңімен іске асатын жұмыс. Мәселен, биыл екінші сыныптың оқулықтары өзгертілді. Осыған сай келесі жылы 3 пен 4-сыныптардың оқулықтары жаңарады. Бәрі тиісті график бойынша жүргізіледі. Оның құрамында қандай әлем әдебиеті болуы керек деген сұрақты біздің топ зерделеп жатыр. Жаңа пәнде классикалық жазушылар қамтылу тиіс пе әлде жаңа авторларды қосу керек пе деген секілді жұмыстар зерттелуде. Орыс әдебиетін алу, қосу мәселесін сарапшылар қарап жатыр. Арнайы тәжірибелік зерттеуден кейін ғана бұны ашық айтуға болады, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама