Бас мешітке имам тағайындалды
Бұл қызметке Қанат Қыдырмин келді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық Бас мешітке имам тағайындалды.
ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қанат Қыдырмин елордада ашылған жаңа мешіттің бас имамы болды.
Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарған.