Елде сары май өндірісі аяқасты тұралап жатыр
Елімізде қаңтар-шілде аралығында 13,9 мың тонна сары май өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға аз. Қаңтар-мамыр аралығында отандық өндірушілер сары майға деген сұраныстың 71 пайызын ғана қамтамасыз еткен, былтыр 83,6% еді. Салдарынан импорт бірден 83,5%-ға артып отыр.
Шілде айының қорытындысы бойынша, тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 пайызға, бір жылда 17 пайызға өскен. Оның республикадағы орташа бағасы келісіне 3,3 мың теңге көлемінде. Ірі қалалар арасында Павлодарда біркелі май бағасы 2,7 мың теңге болса, Атырауда 4,3 мың теңгеге жетті.
Қымбатшылық бойынша Маңыстау облысы көш басында, сары май бағасы бірден 29% өскен. Одан кейін Шымкент қаласы (26,7%) мен Жамбыл облысы (26,4%) тұр. Ал Нұр-Сұлтан (3%) қаласы мен Алматы (5,6%) және Павлодар (7,2%) облыстарында баға барынша баяу өсіп жатыр.