×

Қырғызстанда аза тұту күні жарияланды

Қайғылы оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіледі

 Дәурен Ерболат 22.08.2022 | 14:53
Фото: vesti.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейдегі Ульянов облысында болған жантүршігерлік жол апатын қырғыз халқының қасіреті деп атап, 23 тамызды аза тұту күні етіп жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Садыр Жапаров жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Мен бәріңіздің қайғы-қасіретіңізге ортақпын. Ең алдымен Құдайдан оларға күш-жігер, шыдамдылық беруін сұраймын. Қасиетті Құранда: «Алла шыдамды адамды жақсы көреді» деп жазылған. Құрметті отандастар, шыдамды болыңыздар! Апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына міндетті түрде көмек көрсетіледі. Бұл мәселе жеке бақылауымда болады, - деп жазылған Қырғыз президентінің үндеуінде.

Еске сала кетсек, кеше екі жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысқан еді. Салдарынан 14 қырғызстандық және 2 ресейлік азамат қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама