Мешіттің салтанатты ашылуына қатысудан бас тартпайтын өзін ешкім шақырмаған
Елбасы мешіт салдырып, Алланың алдындағы бір парызын орындады. Бірақ осы іс-әрекеті арқылы халықтың алдында кешірім сұрады деп ойламаймын. Бұрынғы Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында осылай деді.
Мешіт – Алланың үйі. Халқымыздың қабылдағаны – мұсылман діні. Осыған әркімнің игі іс жасауы – аманат. Біреу намазға тұрады, біреу садақасын береді, қолынан келгені осындай күрделі мешіт құрылысын бастап, дінге деген құрметін көрсетеді. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы мешітті салуға жария жасады. Жалғыз ол кісінің ақшасы емес қой. Төңірегіндегі бизнесмендер көмектесіп салған екен. Сол кісінің бастамасымен болғандықтан, сый болды деп санаймын, - дейді экс-депутат.
Егер мешіттің салтанатты ашылуына шақырту алған болса, оған қатысудан Өксікбаевтың өзі де бас тартпас еді. Бірақ оны ешкім шақырмаған.
«Бұл жерде ол кісі күнәсін жуып жатыр, сонымен күнәсі кешіле ме деген де сұрақ туындайды. Ол кісі сол ісімен Алланың алдындағы өзінің бір парызын орындады. Енді төріңегінде болған адамдар – бұрыннан жанында жүргендер. Жасыратыны жоқ, егер мен осы жерде болсам, шақырса, мен де барар едім ашылуына. Бірақ шақырған жоқ. Екіншіден, мен сол күні ашылатынын естіген де жоқпын. Ол кісіні қошаметтеуге емес, Алланың үйінің салтанатты ашылуын көргім келген. Онда тұрған ештеңе жоқ. Сол арқылы халықтың алдында кешірім сұрады деп ойламаймын. Ал күнәсі – басқа әңгіме», - дейді Омархан Өксікбаев.