Тоқаев қаруды өндіру мен сатып алу мәселелерін қарастырды

Динара Амантай

Президент мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы – премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.