Қазақстан муайтайдан 10 алтын жүлде алды
Отандастарымыз 600 спортшының арасынан қара үзіп шықты
Тамыз айының 9-21 аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында муайтайдан балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында 70 елден келген 600-дей спортшы қатысқан әлем чемпионаты мен «Grand Slam» Халықаралық турнирі өткізіліп, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан 5 алтын 8 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алса, халықаралық турнирде 5 алтын, 3 күміс иеленді.
Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионы Юсуф Мухтасип 40 кг салмақта әлем додадағы жүлдеден тыс қалғанмен, халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.