Жапония Қытайдан қауіптеніп, қорғанысын күшейте бастады
Мемлекет 2023 жылы қорғанысқа 40 млрд доллар жұмсауы мүмкін
Жапония Қытайға қарсы тұру үшін алыс қашықтыққа ұшыратын 1 мың зымыранды орналастыру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Reuters.
Зымырандар 100-ден 1000 шақырымға ұшу үшін олардың қолданыстағы түрлері жаңартылады. Басымдық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне беріледі. Жүйе Бейжің ұшырған зымырандарды жою үшін қажет. Өйткені Токио ҚХР-дың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Жапонияға шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін деп санайды.
Елдің оңтүстігіндегі Нансей аралдарына кемелер немесе ұшақтар орналасуы мүмкін. Олардан атылған зымырандар Солтүстік Корея мен Қытай жағалауына дейін жетеді деген болжам бар.
Reuters мәліметінше, Жапонияның Қорғаныс министрлігі 2023 жылы қауіпсіздікке 40 млрд доллар бөлуді сұрап отыр. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады. Бөлінетін қаржының көлемі нақты емес, ол өсуі мүмкін.