Бақшасында 24 келі марихуана өсірген алматылық ұсталды
Жасырын «есірткі зертханасы» жойылды
«Қарасора – 2022» республикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласының Медеу ауданындағы үйлердің бірінде бақшасында есірткі өсірген 57 жастағы азамат ұсталды.
«Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктінің үйінен жалпы салмағы 23 келіден аса марихуана мен 6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.