Күрес: Қазақстан балуандары күміс жүлдегер атанды
Екінші орынды Алтын Шағаева мен Анастасия Панасович иеленді
Болгарияның астанасы София қаласында күрес түрлерінен жастар арасында (U20) өткен әлем чемпионатында ел қоржынына әйелдер күресінен екі жүлде түсті.
Өкінішке қарай, финалда қыздар арасында өткен белдеуде екі спортшымыз қарсыластарына жол беріп қойды.
53 килода сынға түскен Алтын Шағаева үнді қызы Антим Антимнен ұтылса, 72 килодағы Анастасия Панасович АҚШ балуаны Амит Элорға есе жіберді. Осылайша, Алтын мен Анастасия әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды.
Тағы бір спортшымыз 57 килодағы Зейнеп Баянова украин қызы Александра Хоменецтен ұтылып, қолда тұрған қола жүлдеден айырылып қалды.