Қазақстанда бір күнде 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 478 дерегі тіркелді.
- Нұр-Сұлтанда – 95,
- Алматыда – 52,
- Ақмола облысында – 59,
- Ақтөбе облысында – 16,
- Алматы облысында – 2,
- Жетісу облысында – 3,
- Атырау облысында – 19,
- Шығыс Қазақстан облысында – 3,
- Абай облысында – 4,
- Жамбыл облысында – 3,
- Батыс Қазақстан облысында – 35,
- Қарағанды облысында – 83,
- Қостанай облысында – 45,
- Қызылорда облысында – 3,
- Маңғыстау облысында – 21,
- Павлодар облысында – 17,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 13,
- Түркістан облысында – 5.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 384 027 жетті.
Сондай-ақ 917 адам COVID-19-дан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 18,
- Алматыда – 129,
- Алматы облысында – 14,
- Жетісу облысында – 13,
- Жамбыл облысында – 377,
- Батыс Қазақстан облысында – 64,
- Қарағанды облысында – 196,
- Ұлытау облысында – 14,
- Қызылорда облысында – 32,
- Маңғыстау облысында – 34,
- Павлодар облысында – 10,
- Түркістан облысында – 16.
Қазақстанда барлығы 1 349 188 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
22 тамыздағы мәлімет бойынша 21 483 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.
Олардың ішінде 917 пациент стационарда, 20 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 36 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.