Жүргізуші мен үш жолаушы (оның ішінде біреуі бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды
Жол апаты 21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты “Покровка – Жаңажол” тас жолының 54-шақырымында болды, деп хабарлайды polisia.kz.
40 жастағы әйел басқарған Lada Largus автокөлігі Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылына бара жатқан жолда аударылып қалды.
Жүргізуші мен үш жолаушы (оның ішінде біреуі бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ, бес адам (оның үшеуі бала) Кеңқияқ ауруханасына жеткізілді.