Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақстандық актрисаның ағасы мәлімдеме жасады

Халық үні

Қанат Бермағанбетовтың айтуынша, қарындасының Лаосқа кеткенінен хабарсыз болған

Фото: tengrinews.kz

inbusiness.kz тілшісі Лаоста еңбек құлдығына түскен отандасымыздың ағасы– Қанат Бермағанбетовпен хабарласып, қыздың қазіргі жағдайын, оны құтқару үшін қандай шара қолданылып жатқанын сұрады.

Кеше Ішкі істер департаментінде түнгі 2-ге дейін отырдым. Қазір бәрі жабылып көмектесіп жатыр. ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан-дағы департаменті, ҚР СІМ, Вьетнамда – Лаостың маңында, Тайландта орналасқан елшіліктер,  сондай-ақ Лаостың өзіндегі РФ елшілігі қатты көмектесіп жатыр. Анельмен байланыстамын. Әзірге байланыс бар. Қазір оны тез алып кету жағын ойластырып жатырмыз. Билік өкілдері қол ұшын берді. Жаңа ғана Вьетнам елшілігімен, кейін РФ елшілігімен келіссөз жүргіздік, – дейді жас жігіт.

Қанат Бермағанбетовтың айтуынша, қарындасының Лаосқа кеткенінен хабарсыз болған.

Мен бұл инвестициялық компания қалай аталатынын білмеймін. Қарындасым ол жаққа ұшып кеткенін маған айтқан жоқ. Қазір оны бұл жақтан тез және қауіпсіз жолмен алып кетуді ойлап отырмын, – дейді Қанат.

Бұған дейін қазақстандық актриса жұмыс берушіге алданып, еңбек құлдығына түскенін хабарлаған болатын.