Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты тың мәлімет шықты

Сарбаз өліміне қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ

 Халық үні 21.08.2022 | 21:28
Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты тың мәлімет шықты
Фото: azattyq-ruhy.kz

Бүгін таңертең Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара бекетінде 18 жастағы сарбаз өлі күйінде табылғаны туралы қаралы хабар жетті. Алдын ала болжам бойынша, ол асылып қалған.

Мерзімді қызмет сарбазы Бекбол Мираш Атырау облысынан әскерге шақырылған. Туысқандары кеше түнде әскери қызметшінің мәйітін алып кетуге барды. Олар өлім фактісін растап отыр.

Сарбаз өліміне қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан сарбаздың мәйіті қалай табылғаны туралы құжатты жариялады.

2022 жылғы 19 тамыз 21 сағат 40 минутта «Шөлдала» шекара бекеті әскери қызметшілерін сапқа тұрғызу кезінде қатардағы жауынгер Бекбол Мираштың жоқ екені анықталды, - делінген құжатта.

Сонымен қатар құжатта Бекболды іздеуге тағы бір сарбаздың жіберілгені, он минуттан соң әріптесін «асылып қалған» жерінен тауып алғаны жазылған.  

Еске салайық, 17 тамызда Атырау облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болғаны хабарланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев 2022 жылдың 17 тамызында қайтыс болған. Ол Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген.

Бұған дейін Жамбыл облысында шекарашы сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама