Жол апаты Ульяновск облысында болған
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресей аумағындағы ірі жол апатынан қазақстандықтар қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Ульяновск облысы Төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, Ульяновск облысында болған жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінген сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, 21 тамызда Ульяновск облысында ірі жол апаты болғаны, қаза тапқандар саны 15 адамға жеткені хабарланды. Ресейлік БАҚ олардың Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін жазды.