Бекболаттың айтуынша, Кәрім Мәсімов қызмет еткен тұста шенеуніктердің көбі жүрексінген екен
Бекболат Тілеухан ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен арадағы қарым-қатынасы жайлы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Бірақ Тілеухан ҰҚК экс-басшысымен арадағы қарым-қатынасы туралы:
Кәрім Мәсімовпен араласқан жоқпын. Бірақ «Әй, Масимов, әй, Масимов» дейтін сөзді кім айтты? Мен айттым. Youtube желісінде бар. Менен басқа біреу айтты ма? Мәсімовтен қорыққан кезде басқа шенеуніктер ығынан жүрмейтін. КНБ-ның бастығынан кім қорықпайды? Шенеуніктердің арасында кімнің күні премьер министрге түспейді? Сол кезде «Әй, Масимов, ей...» деп ішімнен қаным қайнап тұрды да. Сөйтіп айтқан мен ғана, дейді ол.
Экс-депутат бұл сұхбатында мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айып тағылған Кәрім Мәсімовтің саясаткер ретінде ерекше қасиетін бағалап, жер-көкке сыйғызбай мақтаған.
«Ол өте терең саясаткер. Сенің агрессияңа агрессиямен жауап беру жоқ. Құдай сақтасын, кездескен жерде жорғалап алдыңа түсіп алады, күлімдеп шығарып салады. Өте терең саясаткер адам. Біздің қазақтың арасында сондай адам бар ма, жоқ па білмеймін», — дейді Тілеухан.