Әлеуметтік желіде Әнел Бермағамбет Лаостағы жағдайына байланысты жазба жариялаған болатын
Шетелде қиын жағдайға тап болған Әнел Бермағамбеттің ісін Ішкі істер министрлігі тергейді.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабының 1-бөлігі бойынша (адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған мәліметтерге сәйкес ресми ақпарат қосымша ұсынылады. Оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды», - деп хабарлады ведомство.
Жәбірленушінің ағасымен байланыс орнатылды. Сонымен қатар ҚР консулдығы департаментіне хат жолданған.
Бұған дейін Қазақстандық актриса Лаоста еңбек құлдығына түскені туралы жазған болатынбыз. Әнел Бермағанбетова жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғанын әлеуметтік желіде жазған.