Полицейлер Назарбаев университетінің студентінен жауап алды

Халық үні

Алайда Қадырова полициядан арнайы шақыру хаты жіберілмесе, ештеңе айтпайтынын жеткізді

Фото: видеодан кадр

Назарбаев Университетінің студенті Адина Қадырова оқу орнындағы зорлық-зомбылық фактісі туралы айтқан видеосына қатысты жауап алынғанын мәлімдеді.

«Мен ол жерге барғанда мені формасыз құқық қорғау органының қызметкері қарсы алды. Бұл жерде процессуалды әрекет кезіндегі бір жайтты анықтап алу қажет, "бұл қандай әңгімелесу?» Әңгіме ме әлде жауап алу ма? Менде бас тарту құқығы болған соң оны пайдаландым. Бірақ олар «бұл жай ғана әңгімелесу» деп қарсылық білдіріп, қысым көрсете бастады», — деп жазды ол.

Қадыроваға қылмыстық істің куәгері ретінде шақыру қағазы жіберілді. Тергеуге қатысса да, жай-жапсарына қатысты ештеңе айтқан жоқ. Ол жауап алу 2,5 сағатқа созылғанан және қатты шаршағанын жеткізді. Тіпті кей сұрақтарды жүз қайтара қойылғанын айтты.

Сондай-ақ ол өз болашағы үшін қатты алаңдайтынын айтты.

«Мен келешегім үшін қорқамын. Бүгін маған 8 ер адам қысым көрсетті. Достарыма сенім жоқ. Енді ештеңе бұрынғыдай болмайтынын білемін. Бұл қаншалықты қажет еді? Мен бәрін құрбан еттім, тіпті университетімді де. Мен оны қалай жақсы көретінімді білмейсіздер. Ол өмірімнің мәні секілді еді», — деп жазды бойжеткен.

«Назарбаев Университетінде» зорланғаны туралы ашық айтқан ару бұған дейін феминист екенін хабарлаған еді. Сонымен қатар, ол биылғы жылдың наурыз айында зорлық-зомбылыққа қарсы студенттік акцияларға қатысқан.

Назарбаев Университеті қыздарды зорлады деген бойжеткеннің мәлімдемесіне жауап берген болатын. Оқу орнында білім алатын қыздардың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан студенттің мәлімдемесінен кейін тергеуге жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.