Halyq Uni логотип
×

Елімізге заңсыз әкелінген көліктер анықталды

Елге заңсыз кіргізілген 100-ден аса көлік ұсталды

 Халық үні 21.08.2022 | 11:42
Елімізге заңсыз әкелінген көліктер анықталды
Фото: ашық дереккөздерден

Грузия мен Әзербайжаннан заңсыз кіргізілген 100-ден аса көлік ұсталды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.  Көлеңкелі кәсіпкерлер кедендік баж салығын айналып өтудің жолын тапқан. Мәселен, олар алдымен құжатта «шетелдік көлікті Қазақстанға уақытша әкелемін» деп көрсетеді, әрі қарай сатушы клиентке нотариалды куәландырылған сенімхат береді.

Ал заңға сәйкес, Қазақстан азаматтары ел аумағына уақытша әкелінген көліктерді кедендік рәсімдеуден өтіп, тиісті салықтарды төлегеннен кейін ғана пайдалана алады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, отандастарымыз шетелден көбінесе екі мыңыншы жылға дейінгі көліктерді тіркейді екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама