Halyq Uni логотип
×

100 үй жанып кетті: Ресейде алапат өрт шықты

Өртті сөндіруге екпінді жел бой бермей тұр

 Халық үні 20.08.2022 | 19:39
100 үй жанып кетті: Ресейде алапат өрт шықты
фото: интерфакс

Ресейдің бірнеше өңірінде орман өртеніп жатыр. Әсіресе Красноярск, Ростов, және Рязань облыстарында жағдай күрделі.

12 ауылдың тұрғындары баспанасыз қалды. Ростовта 100 үй жанып кетсе, Рязаньда қызыл жалын 800 гектар аумақты шарпыған. Екі ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Тілсіз жаумен күресуге 100-ден астам техника мен 300-дей адам жұмылдырылды. Өртті сөндіруге екпінді жел бой бермей тұр.

Түтін тіпті Мәскеуге дейін жеткен. Рязань және Владимир облысындағы өртті сөндіруге авиациялық орталықтың бірнеше тікұшағы көмекке аттанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама